ШЫМКЕНТ: қауіпсіздік пен инфрақұрылымды жетілдіру бойынша тұрғындар ұсынысы орындалды

0
165


ШЫМКЕНТ: қауіпсіздік пен инфрақұрылымды жетілдіру бойынша тұрғындар ұсынысы орындалды

Шымкент қаласының әкімі Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстар негізінде Тұран шағынауданындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған нақты шаралар жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, шағынауданда жаяу жүргіншілер өткелдері сызылып, тиісті жол белгілері орнатылды. Сонымен қатар, қала әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгеріміне берілген 8 көшенің бойындағы аялдама павильондары қалпына келтірілді және ретке келтірілді.
Қала тұрғындарының өтініштері үнемі назарда. Шымкент қаласының әкімдігі азаматтардың қауіпсіздігі мен қолайлы қалалық орта қалыптастыруды басым бағыт ретінде қарастырады.
Бөлісу