Жаңа пәтерлер кезектегі тұрғындарға берілді.
Шымкент қаласында 30 отбасы жаңа пәтерге көшу мүмкіндігіне ие болды. Баспана кілтін табыстау үйге мұқтаж азаматтарды кезең-кезеңімен қамтамасыз ету жұмысы аясында өтті.
Қоныс иелеріне кілттер «Көрме» орталығында өткен арнайы салтанатты рәсім барысында табысталды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы жаңа пәтер иелерін құттықтап, тұрғын үй бағдарламалары жүйелі әрі кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Жаңа пәтерлер кезектегі тұрғындарға берілді. Олардың қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар бар.
Көп қабатты үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан. Нысандарға қажет барлық инженерлік желі қосылған және қоныстануға толық дайын.


