Жаңадан қолданысқа берілген «Yutong» маркалы автобустар №17, 21, 42, 113, 133, 158, 182 бағыттарда қызмет көрсетеді.
Шымкентте қалалық қоғамдық көліктердің кешенді сызбасына бірқатар өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тұрғандардың сұранысымен №61 бағыт сызбасы ұзартылып, Спатаев көшесінен «Көл» аялдамасына дейін қызмет көрсететін бағыт енді «Барыс базарына» дейін қатынайды.
Жуырда пайдалануға берілген 240 автобус есебінен төрт жаңа бағыт ашылып отыр. Қаладағы №1 автожолдан қаланың әуежайына дейін №66, Қызылсу шағын ауданы аймағынан «Айна» базарына дейін №71, Сауле шағын ауданы 276 орамнан Жандосов көшесіне дейін №43, №115 мектеппен «Гиперхаус СҮ» дейінгі №54 бағыт қызмет көрсетеді.
Жаңадан қолданысқа берілген «Yutong» маркалы автобустар №17, 21, 42, 113, 133, 158, 182 бағыттарда қызмет көрсетеді. Ал олардың орнындағы «Ankai» маркалы автобустар №2, 10, 11, 15, 16, 20, 23, 45, 52, 61, 70, 75, 96, 108, 114, 139, 171, 171а, 180, 191 бағыттарына бөлінді.