ШЫМКЕНТ: көлік саласының болашағына бағытталған тәжірибелік кездесулер ұйымдастырылды

0
136

Бағдарлама аясында «Автокөлікті бояу процесінде қолданылатын жаңа технологияларға шолу» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілмек.


ШЫМКЕНТ: көлік саласының болашағына бағытталған тәжірибелік кездесулер ұйымдастырылды

Шымкент қаласында көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына арналған бірқатар тәжірибелік-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шаралар «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізілді. Негізгі мақсат – көлік саласы қызметкерлерінің еңбегін насихаттау, кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау және үздік мамандарды ынталандыру.

Іс-шаралар шеңберінде «NOMAD MOTORS SHYM» ЖШС (KIA ресми дилерлік орталығы) базасында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға «Жол-көлік колледжі» МКҚК-ның әкімшілік өкілдері, арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері, колледж білім алушылары және талапкерлер қатысты. Қатысушыларға өндірістік үдерістер, заманауи құрал-жабдықтар, сондай-ақ автокөліктерге қызмет көрсету мен жөндеудің жаңа технологиялары таныстырылды.
Қалалық білім басқармасының бас маманы Айгүл Рүстемова жұмысшы мамандықтарын дамыту бағытындағы жобалар, мақсатты білім беру тапсырыстары және әлеуметтік серіктестік шеңберіндегі бастамалар туралы мәлімет берді.
Бағдарлама аясында «Автокөлікті бояу процесінде қолданылатын жаңа технологияларға шолу» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілмек. Шеберлік сағатын BASF концернінің ұлттық сарапшысы, «COLORFACTORY GROUP» компаниясының техникалық директоры М.И. Романов өткізеді. Іс-шара барысында қатысушылар автокөлік сырлау саласындағы заманауи химиялық және технологиялық шешімдермен танысады.
Аталған іс-шаралар білім беру ұйымдары мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ студенттердің болашақ кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға ықпал етеді.
Бөлісу