ШЫМКЕНТ: Қонаев даңғылы құрылысының V кезеңі қарқынды жүріп жатыр

0
158


ШЫМКЕНТ: Қонаев даңғылы құрылысының V кезеңі қарқынды жүріп жатыр

Шымкент қаласындағы Қонаев даңғылының Саттарханов-Жаңабазар көшелері аралығындағы тұсында жол-құрылыс жұмыстары қарқын алуда.

Қазіргі таңда бұл нысанда инженерлік желілерді ауыстыру, жер жұмыстары және құрылыс аумағына кіретін тұрғын үйлерді сүру шаралары қатар атқарылуда. Аталған кезең бойынша жалпы 273 жер телімі мемлекет мұқтаждығына қайтарылуы тиіс болатын. Бүгінде оның 218 нысанында қайтару процесі толық аяқталған, қалған учаскелер бойынша жұмыстар жалғасуда.
Жалпы Қонаев даңғылының ұзындығы 16,3 шақырымды құрайды және 6 кезеңге бөлінген. Бұл – қаламыздағы жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалардың бірі. Мақсат – оңтүстік бағыттағы кіреберіс және шығаберіс жолдардағы көлік жүктемесін азайту арқылы көлік қозғалысын жеңілдету.
Бөлісу