ШЫМКЕНТ: ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу туралы семинар-кеңес өтті

0
746

Семинар-кеңес барысында Шымкент қаласындағы құзырлы органдар мен жауапты салалық басқармалардың басшылары сайлауға дайындық барысы туралы баяндады.


ШЫМКЕНТ:  ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу туралы семинар-кеңес өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚУ-да ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерманның қатысуымен 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу туралы семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі семинар-кеңес Орталық сайлау комиссиясы бекіткен жоспардың аясында өтіп жатыр. Тап осындай кездесулер орталық сайлау комиссиясы басшылығы және өкілдерінің қатысуымен барлық өңірлерде ұйымдастырылады. Мақсатымыз – өңірлердің сайлауға дайындығын, соның ішінде сайлау комиссияларының дайындығын пысықтау, сайлау науқанының заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету. Республика бойынша 10 мыңнан астам сайлау комиссиясы бар және олардың құрамында 70 мыңдай адам жұмыс істеп жатыр, – деді Мұхтар Тілдәбекұлы.
Семинар-кеңес барысында Шымкент қаласындағы құзырлы органдар мен жауапты салалық басқармалардың басшылары сайлауға дайындық барысы туралы баяндады.
Айта кетейік, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, қаламызда 317 сайлау комиссиясы құрылған. Оның 5-еуі аумақтық болса, қалған 312-сі учаскелік сайлау комиссиясы. Шымкент қаласында дауыс беру құқығына ие 634 818 азамат бар. Бұл қаланың жалпы халқының 56,6 пайызын құрайды.