ШЫМКЕНТ: медиация мәдениетін насихаттау мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды

0
108

Шараның басты мақсаты – қоғамда медиация институтын ілгерілету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және дау-жанжалдарды баламалы жолмен шешудің тиімділігін кеңінен түсіндіру


ШЫМКЕНТ: медиация мәдениетін насихаттау мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды

Шымкент қаласындағы «Құқық қорғау және татуласу орталығында» Медиация күніне орай ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараны Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесі ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – қоғамда медиация институтын ілгерілету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және дау-жанжалдарды баламалы жолмен шешудің тиімділігін кеңінен түсіндіру болып табылады.
Ашық есік күні аясында кәсіби медиаторлар қала тұрғындарына тегін заңгерлік және медиативтік кеңес ұсынып, сотқа дейінгі татуласу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Қатысушылар отбасылық, еңбек, мүліктік және этносаралық сипаттағы келіспеушіліктер бойынша нақты мәселелерін көтеріп, медиаторлардың көмегіне жүгінді.
Сонымен қатар, этномедиация кеңесінің мүшелері этносаралық қатынастарды реттеуде медиацияның алатын орны мен бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызын кеңінен түсіндірді.
Шымкент қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзееваның айтуынша, жыл басынан бері Медиация кеңесі этнос өкілдері тығыз қоныстанған шағынаудандар мен оқу орындарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен кездесулер ұйымдастырып келеді. Бұл шаралар азаматтарға медиацияның құқықтық негіздерін, татуласу рәсімдерін және этносаралық жанжалдарды шешу тәжірибесін кеңінен таныстыруға бағытталған.
Бөлісу