ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік қызметшілер жас кәсіпкерлермен кездесті

0
1 192

Мемлекеттік қызметшілер жас кәсіпкерлермен бейреси кездесу ұйымдастырды.


ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік қызметшілер жас кәсіпкерлермен кездесті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменттерінің бастамасымен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдерінің жаңа буынмен «бейресми» кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әңгімелесу барысы «brainstorming» режимінде өткізілді, мұндай кездесулердің ерекшелігі олардың бейресми сипаты болып табылады, яғни, еркін форматта мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастардың ең өзекті мәселелерін, сондай-ақ халық пен бизнес арасындағы бірқатар мәселелерді өздерінің шеңберінде талқылауға мүмкіндік алады.

Бұл əдіс қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, цифрлық қызметтер, азаматтық қоғам, демократия, мемлекет пен халық арасындағы кедергісіз орта, т.б. əртүрлі жағдайларды бірнеше нұсқада шешу тәсілдерін ұсынды.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманың негізгі ережелері мен ұсынымдары талқыланды.

«Тұңғыш Президент жарлығымен биылғы жыл Қазақстанда жастар жылы деп жарияланды. Бұл жастар саясаты мемлекеттің назарындағы басым бағыттардың бірі екендігін көрсетеді" деп атап өтті Департамент басшысы Әли Көмекбаев.

Әли Амантайұлы қалада жүзеге асырылып отырған мектептердегі "Адал ұрпақ" және ЖОО мен колледжердегі "Саналы ұрпақ" жобаларымен таныстырды. Аталған жобалар аясында қазақстандықтардың бойында шынайы құндылықтарды, мейірімділікті, адалдық пен сатылмаушылықты, цифрлық сауаттылықты және т.б. тәрбиелеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

Іс-шара барысында отбасы, балалар, жастар, кәсіпкерлік, жұмыс пен үй мәселелері көтеріліп, қатысушылар өз ойымен бөлісті.

Жобаларға қоғам өкілдерінің белсене атсалысқаны қажет. Жаңа жобалар - бұл қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы болып табылады, ол түрлі инфрақұрылымдық нысандарға бюджеттік ақшаны тиімді жұмсауды, мемлекеттік сатып алу порталының мониторингін, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар облыстардағы қоғамдық бақылауды бақылауға мүмкіндік береді.

Статистика бойынша Шымкент қаласында 241 500-ге жуық жастар қала халқының 24 пайызын құрап отыр. Жалпы мемлекеттік қызметшілердің саны 1900-ге жуық болса, оның ішінде жас мемлекеттік қызметшілер саны - 409.