Қатысушылар екі қабатты туристік қызыл автобуспен шаһардың көрнекті көшелері мен тарихи орындарын аралады.
Шымкент қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған ерекше іс-шара өтті.
Бұл шараны Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты “Ten qogam” арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұйымдастырды. Экскурсияға орталықтың қызметін пайдаланатын 50-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат қатысты.
Іс-шара аясында қатысушылар екі қабатты туристік қызыл автобуспен шаһардың көрнекті көшелері мен тарихи орындарын аралады. Бағыт барысында Тәуке хан даңғылы, Байдібек би даңғылы және Арғынбеков көшесі сынды қала орталығындағы маңызды нысандар қамтылды. Қаланың көркем көрінісін жоғары биіктіктен тамашалаған қатысушылар экскурсиядан ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен бөлісті.
Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. «Осындай игілікті шараны ұйымдастырған @redbus13 ұжымына ерекше ризашылығымызды білдіреміз», – деді олар.