ШЫМКЕНТ: NIS оқушылары қала тұрғындарын экомәдениетті болуға шақырады

0
2 997

Үздік жобалар ұсынылып, көрмеге қойылды.


ШЫМКЕНТ: NIS оқушылары қала тұрғындарын экомәдениетті болуға шақырады
Шымкент қаласында "Экосана" жобасы аясында қала тұрғындарына арналған көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Көрмеге Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының ең үздік экологияны қорғауға бағытталған бірнеше жобалары қойылды.
Сонымен қатар, экологиялық білімді арттыру мақсатында құрылған "Экосана" жобасы аясында құрылған көрмеге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мади Манатбек және Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы Ерлан Айтбаев қатысты.
Көрмені тамашалаған әрбір қонақ Зияткер оқушылардың жобаларына қызығушылық танытып, зор ықыластарын білдіртіп жатты. Көрменің көркін одан әрі қаламызға танымал әншілер мен мың бұралған бишілер аша білді.
Ұйымдастырылған бұл көрме NIS жүйесінде көктемнің игі дәстүріне айналған оныншы Наурыз кездесулеріне тұспа-тұс келгендігі де қуанттады.
Себебі "Экосана" жобасы мен "Планета және пластик: адамзат экомәдениеті" тақырыбында өтіп жатқан Наурыз кездесулерінің мақсаты бір.
Оқушылардың таныстырған жобалары да әлемді пластик қалдықтарынан тазартуға және адам бойына экомәдениетті қалыптастыруға арналған.