​ШЫМКЕНТ ПЕН ФАЙСАЛАБАД ҚАЛАЛАРЫ БАУЫРЛАСТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ОРНАТТЫ

0
57

Файсалабад қаласы – Пенджаб провинциясындағы ірі өнеркәсіптік орталықтардың бірі және Пәкістанның тоқыма астанасы ретінде кеңінен танымал.


​ШЫМКЕНТ ПЕН ФАЙСАЛАБАД ҚАЛАЛАРЫ БАУЫРЛАСТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ОРНАТТЫ

Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасына арасындағы ынтымақтастық нығая түсуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 3-4 ақпан күндері Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапары аясында Шымкент қаласы мен Пәкістанның Файсалабад қаласы арасында бауырластық қатынастар орнату туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл құжат Қазақстан мен Пәкістан арасындағы достық және стратегиялық әріптестікті өңірлік деңгейде дамытуға бағытталған. Меморандум арасында екі қаланың іскер топтары арасында тікелей байланыстар орнату, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық тәжірибе алмасуларды кеңейту көзделген.
Айта кетейік, Файсалабад қаласы – Пенджаб провинциясындағы ірі өнеркәсіптік орталықтардың бірі және Пәкістанның тоқыма астанасы ретінде кеңінен танымал.
Бөлісу