ШЫМКЕНТ: Полиция қызметкерлері қайтыс болған әріптестерінің жұбайына көмек көрсетті

0
1 268

Қызмет бабында көз жұмған инспектордың артында 3 баласы жетім қалған.


ШЫМКЕНТ: Полиция қызметкерлері қайтыс болған әріптестерінің жұбайына көмек көрсетті

иллюстрациялық фото:ашықдереккөзден

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қызмет бабында қайтыс болған әріптестерінің жұбайына көмек қолын созды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Учаскелік инспектор болып қызмет атқарған марқұм Самат Сарсенов 2012 жылы қызмет бабында жол-көлік оқиғасынан көз жұмған. Артында 3 баласы жетім қалып, бүгінде оларды жұбайы Гүлзат Төлегенова жалғыз өзі тәрбиелеп, өсіріп келеді.

Осы орайда, шымкенттік полицейлер әріптестерінің жұбайы мен отбасына 100 мың теңге көлемінде ақша және балаларына киім-кешек әперіп, көмектесті.

Өз кезегінде, Гүлзат Төлегенова тәртіп сақшыларына алғысын жаудырып, ризашылығын білдірді.

Дереккөз: Шымкент қаласы ПД Баспасөз қызметі