ШЫМКЕНТ: Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы көпірдің құрылысы аяқталды

0
952

Көпірге дейін ұзындығы 400 метр, ені 6 метр болатын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.


ШЫМКЕНТ: Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы көпірдің құрылысы аяқталды

Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі уақытта көпір құрылысымен қоса транспорт басқармасы тарапынан көпірге дейінгі ұзындығы 400 метр, ені 6 метр болатын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.
Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы ағаш көпір 1986 жылы салынған. Су шайып кеткен соң 1994 жылы ауыл тұрғындары өз есебінен адамдардың жаяу өтуі үшін қайтадан темір көпір салып, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізіп келген.