ШЫМКЕНТ: сенат депутаттары Абай ауданының өзекті мәселелерін талқылады

0
103

Кездесуге ауданның белсенді тұрғындары, ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысты.


ШЫМКЕНТ: сенат депутаттары Абай ауданының өзекті мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласының Абай ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – қабылданған заңнамалық актілердің мазмұнын түсіндіру және жергілікті инфрақұрылым мәселелерін талқылау болды.

Кездесуге ауданның белсенді тұрғындары, ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысты. Қатысушылар өзекті әлеуметтік-экономикалық түйткілдерді көтеріп, депутаттарға тікелей сұрақтар қойды.
Тұрғындар жолдардың сапасыздығы, көше жарығының жеткіліксіздігі, санитариялық жағдайдың көңіл көншітпейтіні сияқты мәселелерді алға тартты. Сонымен қатар, спорт нысандарының жетіспеушілігі, жұмыссыздық, жер телімдерін бөлу барысындағы түйткілдер, сондай-ақ заңсыз құрылыс нысандарының көбеюі мәселелері кеңінен сөз болды.
Сенатор Нұрлан Бекназаров кездесуде:
«Халық көтерген әрбір мәселе біздің назарымызда. Біздің міндетіміз – тек заң қабылдау ғана емес, сол заңдардың орындалуын қадағалау. Азаматтардың нақты сұрақтарына нақты жауап беру – басты басымдық», – деп атап өтті.
Кездесуді ұйымдастырушылар тұрғындардан түскен барлық ұсыныс пен өтініштер тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
Бөлісу