Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен көшпелі кездесу барысында Шымсити шағынауданы, №20 үйдің тұрғындары балалар мен жастар үшін ойын және спорт алаңшаларын орнату қажеттігін көтерген болатын.
Аталған мәселе жергілікті билік назарынан тыс қалмай, "Абай" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан тиісті жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде, аталған аумақтағы ойын және спорт алаңшалары жаңартылып, пайдалануға жарамды күйге келтірілді.
Қазіргі таңда бұл нысандарды қалалық құрылыс басқармасынан Абай ауданы әкімдігінің балансына өткізу бойынша рәсімдер жүргізілуде.
Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.