ШЫМКЕНТ: сот психикалық аурухана қызметкерлеріне үкім шығарды

0
84

Сотталушылардың әрқайсысына 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.


ШЫМКЕНТ: сот психикалық аурухана қызметкерлеріне үкім шығарды

көрнекілік үшін фото: pinterest.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі сотталушыға қатысты қызметтік міндеттерін орындау кезінде, кәмелетке толмаған адамды зорлау (ҚК-нің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1) тармағы) дерегі бойынша жабық сот отырысында қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушылар Түркістан облыстық «Психикалық денсаулық орталығының» №3 әйелдер бөлімшесінде санитар-бақылаушы ретінде қызметтік міндеттерін атқару барысында 2024 жылы шілде айының ортасында тергеумен нақты анықталмаған күндері 00:00 сағат шамасында, орталықта емделіп жатқан науқастар Б. және сол кезде кәмелетке толмаған өзінің іс-әрекетіне жауап бере алмайтын Қ.-ны бөлімшенің теледидар көретін бөлмесінде және аулаға шығатын баспалдақтың алаңшасында дәрменсіз күйін пайдаланып еркінен тыс бірнеше рет зорлаған.

Жәбірленушінің және олардың заңды өкілінің жауаптарымен дәлелденеді.

Прокурор сотталушылардың әрқайсысын 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жәбірленушілер мен олардың өкілдері және адвокаттары қатаң жаза тағайындауды сұрады. Ал, сотталушылар қылмыстық әрекеттер дәлелденбеуіне байланысты өздерін ақтауды сұрады.

Сот сотталушылардың қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушылардың асырауында жасөспірім балаларының болуын (Дар. – 2 бала, Дуй. – 6 бала) ескерді. Іс бойынша олардың жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Срндай-ақ, сот сотталушыларды ҚК-нің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1) тармағымен кінәлі деп танып, оларды осы баппен педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Жәбірленушілер Б. мен Қ.-ның пайдасына әрқайсысына 10 млн. теңгеден моральдық зиян өндірілді. Сонымен қатар, жәбірленуші Б.-ның пайдасына адвокат қызметіне төленген 600 мың теңге өндірілді.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Бөлісу