23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада салтанатты жиын өтті.
Іс-шараны Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қалалық департаменті мен қала әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.
Департамент басшысы Қанат Қадырбеков мемлекеттік қызметті дамыту бағытында қабылданған 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдама мен «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасы жайлы мәлімет берді. Оның айтуынша, бүгінде Шымкентте пилоттық жоба аясында кадрларды іріктеу процесі толық цифрландырылып, e-Qyzmet жүйесі арқылы жүзеге асуда. Бұл – іріктеу процесінің әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған тиімді қадам.
Қоғамдық кеңес төрағасы Бұхарбай Парманов мемлекеттік қызметтің маңызын атап өтіп, жас мамандарға сәттілік тіледі.
Жас мемлекеттік қызметші Асқар Бәйтік мемлекеттік қызметтің жоғары жауапкершілік жүктейтін абыройлы міндет екенін айтып, өз қызметі арқылы ел дамуына үлес қосуды мақсат етіп отырғанын жеткізді.