ШЫМКЕНТ: “Tolem” картасын қолданушылар саны 500-мыңнан асады

0
430

Автобустарда 1900 тұрақты терминал және 1200 мобильді терминал орнатылды.


ШЫМКЕНТ: “Tolem” картасын қолданушылар саны 500-мыңнан асады

Шымкент қаласында “Tolem” картасын қолданушылар саны 500-мыңнан асады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі ендірілді. Осыған орай, автобустарда 1900 тұрақты терминал және 1200 мобильді терминал орнатылды.

Бұл жүйенің артықшылығы - төлемдердің ашықтығын, тасымалдаушылардың кірістілігін және қалалық бюджетке салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды ұтымды субсидиялауына мүмкіндік беріп, көлік жүйесінің бюджетін қалыптастыруға таптырмас құрал болып саналады.

Қазіргі таңда сатылған көлік карталар саны 500 мыңнан асады. Оның ішінде 230 мыңға жуығы мектеп оқушыларының және студенттердің картасы.

Бүгінде қаламызда өтінімдерді қабылдау және көлік карталарын беру бойынша 2 офис істейді. Күнделікті транзакциялар саны 300 мыңды құрап отыр, оның ішінде транзакциялардың 85% -ы көлік карталарымен төленеді. Бұдан бөлек, онлайн режимінде қоғамдық көлік қозғалысы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беретін "I-Kolik" мобильді қосымшасы іске қосылған. Қазіргі таңда, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар саны 170 мыңнан асты.

Айта кетейік, бүгінде жолаушыларды қолма-қол ақшамен төлеуге мәжбүр ететін кондукторлардың жұмысына көптеген шағымдар түседі. Жағдайды түзету үшін қалалық маршруттарда кондукторсыз жүйені кезең-кезеңмен енгізу міндеті қойылған. Жаңа жүйеге сәйкес, автобуста кондукторлар мүлдем болмайды. Бұл дегеніміз, жолаушы өзі жолақысын қолма-қол, «Tolem» картасы, SMS код немесе QR- код арқылы төлей алады. Осы орайда, қоғамдық көліктерде жолаушылардың жол ақысын электронды төлеу процесін тексеру мақсатында, арнайы бақылау қызмет тобы құрылады. Бақылау тобының мамандары толығымен тексеру құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.