Кездесу барысында көпқабатты үйлерді табиғи газ жүйесіне қосу мәселесі талқыланды.
Шымкент қаласының «Тұран» шағынауданында жаңадан пайдалануға берілген үйлердің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кездесу барысында көпқабатты үйлерді табиғи газ жүйесіне қосу мәселесі талқыланды. Аталған кездесуге «КазТрансГаз» АҚ, Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй, қалалық орта сапасын бақылау басқармасының газ инспекциясы бөлімінің мамандары қатысты.
Сала мамандары тұрғындарға табиғи газ жүйесі автоматтандырылған газ тарату станциясын қосу жұмыстары аяқталғаннан кейін берілетінін түсіндірді. Сонымен қатар, пәтерлерде газ балонын пайдалануға болмайтыны жөнінде ескертті.
Айта кетейік, «Тұран» шағынауданында қазіргі таңда пайдалануға берілген 59 көп қабатты үй бар. Аталған шағынаудандағы тұрғын үйлердің газ мәселесі АГТС-ті пайдалануға бергеннен кейін толық шешімін табатын болады.