ШЫМКЕНТ: ​ТҮРІК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

0
23


ШЫМКЕНТ: ​ТҮРІК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

ERNUR.KZ. 2026 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында Түрік этномәдени орталығының өкілдері Қазақстан тарихында өтіп жатқан алғашқы Құрылтай сайлауында дауыс берді.


Дауыс беру Қайтпас шағынауданындағы Ш. Көшеров көшесі, 95 мекенжайында орналасқан «Күмісай» балабақшасындағы №270 сайлау учаскесінде өтті.

Этномәдени бірлестік өкілдерінің сайлауға қатысуы олардың белсенді азаматтық ұстанымын, елдің қоғамдық-саяси өміріне деген қызығушылығын және Қазақстанның дамуына өз үлесін қосуға деген ұмтылысын көрсетті.

Түрік этномәдени орталығының өкілдері бұл тарихи оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да Шымкент қаласы мен еліміздің қоғамдық өміріне белсенді араласуға дайын екендерін білдірді. Олар бірлік, азаматтық келісім және этносаралық өзара түсіністік қағидаттарын қолдайтындарын жеткізді.

№270 сайлау учаскесінде барлығы 2531 сайлаушы тіркелген. Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Бибіжамал Айсағатованың айтуынша, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 1587 адам дауыс берген. Бұл қала тұрғындарының сайлауға белсенді қатысып жатқанын көрсетеді.

Дауыс беруге қатысу түрік этномәдени қауымдастығы өкілдері үшін маңызды оқиға болып, әр азаматтың ел болашағын қалыптастырудағы азаматтық жауапкершілігінің маңызын айқындады.