ШЫМКЕНТ: Үш жылда 12 ірі кәсіпорын іске қосылды

0
1 103

Шымкент қаласының аумағында отандық өнім өрісі кеңейді.


ШЫМКЕНТ: Үш жылда 12 ірі кәсіпорын іске қосылды

Шымкент қаласында үш жылдың ішінде 12 ірі кәсіпорын іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент еліміздің үшінші мегаорталығы ретінде халық санының демографиялық өсуі жағынан, инвестициялық динамикалық көрсеткіштері жағынан да белсенді дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласының аумағында отандық өнім өрісі кеңейіп, құрылыс, түсті металлургия, фармакология, кондитерлік салаларда кәсіпорындар саны артып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту қарқын алды.
Сонымен Шымкент қаласында соңғы 3 жылда іске қосылған ірі жобалар тізімі:
2020 жылғы отандық өнімдер:
1. «Sin Yuan Steel» металлургиялық зауыты салынды. Жоба құны 18 миллиард теңге. Жылдық қуаттылығы 500 мың тонна металл өңдеу. Жоба аясында 150 жұмыс орны құрылды.
2. «NURTAU distribution company» - кондитерлік фабрика құрылысы жүргізілді. Жоба құны 1,4 миллиард теңге. Жылына 6 мың тонна кондитерлік бұйымдар өндіреді. Жоба аясында 60 жұмыс орны ашылды.
3. «Авелар Солар Технолоджи» - 20 мВт күн электр станциясының құрылысы бой көтерді. Жоба құны 6 миллиард теңгені құрайды.
4. «Рахат-Шымкент» кондитерлік қантты печенье өндірісі ашылды. Жоба құны 3,2 миллиард теңге. Жылына 3 мың тонна тәтті өнім өндіреді. Жоба аясында 34 жұмыс орны құрылды.
5. «Shymkent Smelting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - қара қорғасынды қайта өңдеу жобасы. Жоба құны 3 миллиард теңге. Жоба аясында 100 жұмыс орны құрылды.
2021 жыл:
1. «Шымкент химиялық компаниясы» І кезеңде метил-трет бутил эфирі мен полипропилен өндірісін қолға алды. Жоба құны 13 миллиард теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 54 мың тонна. Жоба аясында 130 жұмыс орны құрылды.
2. «Алан и компания» ЖШС - жеміс және көкөністі қайта өңдеу жобасы. Жоба құны 1,5 миллиард теңге.
2022 жыл:
3. «QazAlPack» ЖШС - алюминий банка өндірісі. Жоба құны 23,4 миллиард теңге. Жылдық қуаттылығы 500 млн. дана алюмин банкілері. Жоба аясында 145 жұмыс орны құрылды.
4. «Dala Construction» ЖШС - үй құрылысы комбинатын салу. Жоба құны 2,9 миллиард теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 100 мың м2 темір бетондарын шығарады. Жоба аясында 50 жұмыс орны құрылды.
5. «Standard Steel KZ» ЖШС - түсті металл концентратын алу үшін қалдықтарды қайта өңдеу қондырғысын салу. Бірінші кезектегі жоба құны 2,5 миллиард теңге. Жоба аясында 200 жұмыс орны құрылды.
6. «Завод Авангард» ЖШС - шыны конструкциялар өндіру. Жоба құны 5,8 миллиард теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 800 мың м2 шыны конструкциялары. Жоба аясында 50 жұмыс орны құрылды.
7. «Dentafill Kazakhstan» ЖШС - гигиеналық және дәрілік бұйымдар өндірісі. Жоба құны 2,5 млрд. теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 20 миллион дана дәрі-дәрмек бұйымдары.
Сонымен қатар, 2023 жылы:
1. «Shymkent Temir» ЖШС – болат-блюм өндірісін кеңейту жобасын іске қосу жоспарлануда. Жоба құны 5 миллиард теңге. Жобаның қуаттылығы жылына 250 мың тонна болат-блюм өндіру. Жоба аясында 50 жұмыс орны құрылатын болады.
2. «Hydrogen energy» ЖШС - сутегі асқын тотығын өндіру. Жоба құны 4 миллиард теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 8 мың тонна, 25 жұмыс орны құрылады.