ШЫМКЕНТ: Заманауи ангиографиялық құрылғылармен жабдықталған бөлімде жылына 5 мыңнан астам коронарография жасалады

0
13

Бүгінде жүрек-қан тамырлары аурулары тек егде жастағы адамдарда ғана емес, өкінішке қарай, жастар арасында да жиі кездесіп отыр.


ШЫМКЕНТ: Заманауи ангиографиялық құрылғылармен жабдықталған бөлімде жылына 5 мыңнан астам коронарография жасалады

Жүрек-қан тамырлары ауруларымен күрес — МӘМС аясында қолжетімдіСарапшы пікірі айдарында «Шымкент жүрек орталығының» кардиохрургы әрі ангиографиялық зертхана және радиология бөлімінің меңгерушісі Исабек Керімқұловтан кеңес берді.

Бүгінде жүрек-қан тамырлары аурулары тек егде жастағы адамдарда ғана емес, өкінішке қарай, жастар арасында да жиі кездесіп отыр. Бұған дұрыс тамақтанбау, стресс, зиянды әдеттер (темекі шегу, алкоголь тұтыну), сондай-ақ физикалық белсенділіктің төмендігі себеп.

Дегенмен, жүрек ауруларының көпшілігі алдын алуға болатын дерттер қатарына жатады. Шымкент Жүрек орталығы — жүрек ауруларына жедел және сапалы медициналық көмек көрсететін өңірдегі жетекші орталықтардың бірі. Мұнда миокард инфаркті, өткір коронарлық синдром, жүректің ишемиялық аурулары секілді ауыр диагнозбен түскен науқастарға жоғары технологиялы емдеу тәсілдері қолданылады.

Мәселен, ангиохирургия бөлімшесінде қан тамырлары бітелген жағдайда науқасқа стент қойылып, жүрек бұлшықетінің қан айналымы қайта қалпына келтіріледі. Заманауи ангиографиялық құрылғылармен жабдықталған бөлімде жылына 5 мыңнан астам коронарография жасалып, қажетті жағдайда бірден стент қою операциясы жүргізіледі. Бұл әдістің басты артықшылығы — уақытты жоғалтпай өмірді сақтау мүмкіндігі.

Тағы бір маңызды мәселе — мұндай күрделі ота түрлері тұрғындарға тегін көрсетіледі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында науқастар бұл көмекті ешқандай қосымша төлемсіз ала алады. Сондықтан кеудеде ауырсыну, тыныс тарылу немесе жүрек соғысының бұзылуы сияқты белгілерді сезсеңіз, уақыт оздырмай, дереу кардиолог маманға қаралған жөн.

Ерте диагностика — өмірді сақтап қалудың басты жолы, - дейді Исабек Керімқұлов.

Бөлісу