ШЫМКЕНТ: заңсыз құрылыс жүргізгендер жауапкершілікке тартылады

0
141

900 мың теңгеден астам айыппұл салынды.


ШЫМКЕНТ: заңсыз құрылыс жүргізгендер жауапкершілікке тартылады

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері Еңбекші ауданы, Тоғыс тұрғын алабындағы заңсыз салынған нысанды анықтады.

Нәтижесінде меншік иесіне құрылыс жүргізу барысында «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарын сақтамағаны үшін (жобалау құжаттамасынсыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз, сондай-ақ құрылыстың басталғаны туралы хабарламасыз) 900 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар аталған құрылыстың жер телімінен тыс салынған бөлігі өз еркімен бұзылды.

Кез-келген ғимараттың құрылысын бастар алдын қолданыстағы заң талаптары мен құрылыс нормаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері.
Талаптардың орындалмауы ірі көлемде айыппұл салуға, нысанды мәжбүрлеп бұзуға әкеп соғуы мүмкін.
Бөлісу