ШЫМКЕНТ: ​Жас отау иелері Құрылтай сайлауында дауыс берді

0
37


ШЫМКЕНТ: ​Жас отау иелері Құрылтай сайлауында дауыс берді

ERNUR.KZ. Еліміздің тарихында алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауында азаматтар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Сайлау учаскелеріне түрлі жастағы тұрғындармен қатар, өмірлеріндегі маңызды күнді елдік маңызды науқанмен ұштастырған жас отбасылар да келді.


Солардың бірі – Абылайхан Елмұрат пен Алтынай Елмұрат. Жас жұбайлар неке куәлігін алған күні сайлау учаскесіне барып, Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады.

Жас отау иелері үшін бұл күннің мәні ерекше. Бір жағынан, олар отбасылық өмірлеріндегі маңызды қадамды атап өтсе, екінші жағынан, еліміздің тарихында алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауына қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.

“ Неке куәлігін алған сәтіміздің осындай маңызды саяси науқанмен тұспа-тұс келгеніне қуаныштымыз. Бүгін еліміздің болашағы үшін дауыс бердік. Әр қазақтың дауысы маңызды деп есептейміз. Өз таңдауымызды жасау әр азаматтың жауапкершілігі», – дейді Абылайхан мен Алтынай Елмұрат.

Сайлау учаскесіндегі белсенділік те жоғары. №36 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Айжамал Тілепбаеваның мәліметінше, учаскеде 2 673 дауыс беруші тіркелген. Оның айтуынша, олардың шамамен 70 пайызы дауыс беріп үлгерген.
“ Сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары. Таңертеңнен бастап азаматтар дауыс беруге келіп жатыр. Әсіресе жастардың сайлау үдерісіне қызығушылығы байқалады “, – дейді учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы.

Елімізде алғаш рет өткізіліп отырған Құрылтай сайлауы азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге араласуына жаңа мүмкіндік беріп отыр.

Бүгінгі таңда әрбір берілген дауыс елдің ертеңіне деген көзқарасты білдіреді. Жас отау иелері Абылайхан мен Алтынайдың таңдауы да осы жауапкершіліктің белгісі.