Шымкент қаласының жас түлектері үшін «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» атты жұмыспен қамту бағдарламалары жұмыс істейді.
Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығының Тұран ауданы бойынша мансап орталығы мамандары Индустриалды-техникалық колледжде «Қаламыздағы үздік кәсіпорындарға түлектерді жұмысқа орналастыру» тақырыбында жоғары деңгейде ұйымдастырылған форсайт-сессияға қатысты.
Қала аумағындағы ірі кәсіпорын басшылары мен колледж түлектері қатысқан жиында Тұран ауданы мансап орталығының өкілдері жас түлектерге жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары мен Enbek.kz порталының мол мүмкіндіктерін түсіндірді.
Шымкент қаласының жас түлектері үшін «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» атты жұмыспен қамту бағдарламалары жұмыс істейді. Енді оқу орнын тәмамдаған жас маман осы бағдарламалар арқылы алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға мүмкіндік алады.
Ол үшін аудандық мансап орталығына барудың қажеті жоқ. Үйден шықпай-ақ, Enbek.kz қосымшасы арқылы қаламыздағы бос жұмыс орындарымен танысуға болады. Сондай-ақ, бұл платформа арқылы жұмыс берушілермен онлайн форматта әңгімелесуден өту мүмкіндігі де қарастырылған.
Enbek.kz платформасы жұмыс берушілерге де тиімді. Қажетті маманды порталдағы «Жұмыс іздеушілер» бөлімінде жарияланған түйіндемелер арқылы таңдай алады.
Жұмыс берушілер де мемлекеттік бағдарламалар мен Enbek.kz порталының тиімділігіне көз жеткізіп, жас мамандарды жұмысқа қабылдауға қызығушылық танытты.
Осылайша, бұл кездесу арқылы түлектер мен кәсіпорындар арасында нақты байланыс орнап, жұмысқа орналастыру бойынша жүйелі бағыт қалыптасты. Студенттер тарапынан жоғары қызығушылық байқалды. Бұл — білім мен еңбек нарығын тоғыстырған маңызды алаң болды!