Аталған шараның мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын-алу.
Шымкент қаласы Абай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар мен жасөспірімдер арасында репродуктивті денсаулықты қалыптастыру» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған шараның мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын-алу. Сондай-ақ бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып жағымды психологиялық эмоция қалыптастыру.
Іс-шараға «Тамақтандыру және сервис колледжінің» студент жастары қатысты.