ШЫМКЕНТ: Жастар бағдарламасы бойынша кезекті өтінімдер қабылдау қазанда басталады

0
1 250

Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 286 пәтер 189 орамда орналасқан.


ШЫМКЕНТ: Жастар бағдарламасы бойынша кезекті өтінімдер қабылдау қазанда басталады

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша кезекті құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 06 қазан күні сағат 09-00 ден 07 қазан сағат 19-00 аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 286 пәтер 189 орамда орналасқан.

Аталған бағдарламаға қатысушыға қойылатын басты талап жасы 29 жасқа толмаған жұмыс істейтін жас болуы тиіс, бағдарламаға қатысуға өтінім берушінің соңғы 2 жылда Қазақстан Республикасы аумағында иелігінде тұрғын үйі тіркелмеуі керек. Сонымен қоса, Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде болуы сонымен қатар ай соңғы алты айдағы табысы 40 АЕК (122 520 теңгеден) асуы шарт.

Жұмыс істейтін жастар бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

- өтініш берушінің білімі туралы құжаттың көшірмесі;

- жұмыс орнынан анықтама;

- өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;

- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын заң жүзінде көрсетілген құжаттар (еңбек кітапшасы, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер);

- банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді (депозиттік шот);

- өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).

Бағдарламаға қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбасы ) арқылы өтініш бере алады.

Құжат тапсыру немесе өңдеу кезеңінде азаматтар техникалық сұрақтар туындаған жағдайда кеzekte.kz cайтының телеграмм-парақшасына сайттағы QR-кодты сканерлеу арқылы өтіп (тек жұмыс уақытында) сұрақтарын қойып жауап ала алады.