Жастарға кәсіпорынның қалыптасу тарихы, даму кезеңдері және Panagloves сауда маркасымен шығарылатын медициналық қолғаптар туралы ақпарат берілді.
Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастарға кәсіби бағдар беру және өндіріс саласымен таныстыру мақсатында «ҚазМедПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында жастар кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен, өндірістік процестерімен және медициналық бұйымдар шығару технологиясымен танысты. Қатысушылар медициналық қолғаптарды өндірудің негізгі кезеңдерін көріп, заманауи автоматтандырылған өндірістік желілердің жұмысын бақылауға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ жастарға кәсіпорынның қалыптасу тарихы, даму кезеңдері және Panagloves сауда маркасымен шығарылатын медициналық қолғаптар туралы ақпарат берілді. Кәсіпорынның халықаралық ISO 13485 сапа стандартына сәйкес жұмыс жүргізетіні де атап өтілді.
Мұндай экскурсиялар жастардың өндіріс саласына деген қызығушылығын арттырып, мамандық таңдауға бағыт-бағдар беруге және еңбек нарығындағы мүмкіндіктер туралы түсінігін кеңейтуге ықпал етеді.


