ШЫМКЕНТ: Жолайрық құрылысына байланысты қала аумағының біраз бөлігінде газ болмайды

0
967

4 мамыр күні сағат 09:00-ден 5 мамыр сағат 18:00-ге дейін .


ШЫМКЕНТ: Жолайрық құрылысына байланысты қала аумағының біраз бөлігінде газ болмайды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Т.Рысқұлов пен Д. Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайырық құрылысына сәйкес 4 мамыр күні сағат 09:00-ден 5 мамыр сағат 18:00-ге дейін қала аумағының біраз бөлігінде газ болмайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда: Т.Рысқұлов, А.Бекбосынов, Өтепов, Қаныбеков, Тоғысбаев, Өтеген батыр, А.Байтұрсынов, Д.Қонаев, Т.Рұсқұлов, С.Жандосов, Шаймерденов, Құрманғазы, Перова, Лихачев, Байзақұлы, Сарақұлов, С.Азима, Ә.Тәжібаев, Ш.Уалиханова, М.Маметова, М.Дулати, Қазыбек би, Диваев, Ташенова, Мәделі қожа, М.Сапарбаев, Майдантал, Шавченко, Толстой, Төреқұлов, Орынбаев, Адырбекова, Халықтар достығы, Асанов, Гвардия, Известия, Жібек жолы, Ақпан батыр, Термиязов көшелерінде және «Наурыз», кіші «Самал» шағынаудандарында орналасқан ғимараттар, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда газ желісі толығымен сөндіріледі.

Жобаға сәйкес, қысымы жоғары диаметірі Ø 500мм газ құбырының орнын ауыстыру жұмыстары қарастырылған. Құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін, орны ауыстырылған газ құбырын қолданыстағы газ құбырына қосу қажеттілігі туындап отыр. Жолайрықтың құрылыс жұмыстары толығымен биыл желтоқсан айында аяқталдады деп жоспарлануда.