Шымкентте 13 мыңға жуық азаматқа 179 млн. теңге айыппұл салынды

0
350

​ҚОҒАМДЫҚ ОРТАНЫ ЛАСТАҒАНДАР ЗАҢ БОЙЫНША ҚАТАҢ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ


Шымкентте 13 мыңға жуық азаматқа 179 млн. теңге айыппұл салынды

Шымкент қаласында 12 935 азамат ҚР ӘҚтК 434-2 бабына сәйкес жауапқа тартылып, 179 млн. теңге айыппұл салынды.

Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы заңбұзушыларды анықтап, хаттама толтырады.
Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Заңының 434-2-бабына сәйкес, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша тәртіпсіздік орын алса:
5 АЕК (18 460 тенге) айыппұл салынады;
2-ші рет қайталсанса 10 АЕК (36 920 тенге) айыппұл салынады.
Қоғамдық орындарды таза ұстау әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Қаламыздың ластануына бей-жай қарамаңыздар! Қала тазалығы – біздің ортақ жауапкершілігіміз.
Бөлісу