Балаларға қолдау көрсету мақсатында жаңа оқу жылына сөмке, кеңсе заттары табысталды.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты және жомарт жандардың ұйымдастыруымен «Фиркан Сити СҮ» ғимаратының ойын сауық орталығында балаларға арналған қайырымдылық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы мүмкіндігі шектеулі, жетім, тұлжетім және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға жомарт жандар демеушілік жасап, 200 балаға қуаныш сыйлады. Атап айтсақ, балаларға жаңа оқу жылына сөмке, кеңсе заттары табысталып, іс-шара барысында сайқымазақ – Клоундар балалардың көңілін көтерді. Сонымен қатар, балалар «Фиркан сити» сауда – ойын-сауық орталығындағы «Funkytown» ойын алаңында 3 сағат тегін ойнап, олардың құрметіне сусындар мен тәтті тоқаштар таратылды.
Жалпы алғанда биылғы оқу жылына Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Мектепке Жол» акциясы аясында 350 бала мектеп заттарымен қамтамасыз етілді.
Айта кетейік, алдағы уақытта да қайырымдылық шарасы өз жалғасын табатын болады.