Шымкентте 5 жасар бала фитнес орталықтың бассейніне батып кетті

0
1 012

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Шымкентте 5 жасар бала фитнес орталықтың бассейніне батып кетті

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 5 жасар бала бассейнге батып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 29 қаңтар күні сағат 17.25-те Тұран ауданының 8 шағын ауданындағы "KASIET" фитнес-клубында болған.

"Балалар бассейнінде шомылу кезінде бала ересектердің қарауынсыз қалып, суға батып кеткені анықталды. Бассейннің тереңдігі 1,2 метр. ені 5 м", - делінген баспасөз хабарламасында

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалған.