Шымкентте ауа ластануы жоғары аймақтарға арнайы бекеттер орнатылады

0
1 018

Ауа ластануы жоғары 10 аймаққа орнатылады деп жоспарлануда.


Шымкентте ауа ластануы жоғары аймақтарға арнайы бекеттер орнатылады

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 90 000 дана ағаш көшеті отырғызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев және «А.Асқаров» атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК-ның директоры Ғани Қарабековтің қатысуымен брифинг өтті.
Баспасөз мәжілісінде Ахмет Өтегенұлы басқарма тарапынан осы жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша мәлімдеді.
– Басқармаға 2021 жылдың үш айында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін 169 өтінім қабылданып, оның 140-ы бойынша рұқсат берілді. Сондай-ақ жеті қоғамдық тыңдау өткізілді. Ал қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында 976 гектар жер учаскесіне 90 000 дана ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен қатар қала аумағындағы мемлекеттік мекемелерге 17 мың ағаш көшеті тегін таратылды. Одан бөлек, осы жылы үшінші мегаполистегі ауаның ластануы жоғары 10 аймаққа автоматтандырылған бекеттер (датчиктер) орнату қарастырылып отыр, – деді А.Татыбаев.
Басқарма басшысының сөзінше, қалада атмосфера ластануының негізгі көзі жылыту жүйелерінің жұмысы толық жолға қойылған. Яғни, жақында өнімділігі сағатына 250 000 м3 болатын 3-ші автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы аяқталмақ. Сонымен қатар қалада газ отынымен жүретін жаңа автобустар көбейген. Ал автомобиль газ толтыру компрессорлық бекетінің құрылыс жұмыстары аяқталған соң, аталған қоғамдық көліктердің саны едәуір арта түспек.