Шымкентте авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 36 сектор белгіленген

0
480

123 мектеп эвакуациялық жинақтау пункті болып бекітілген.


Шымкентте авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 36 сектор белгіленген

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы аумағында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 5 аудан 36 секторға бөлінген.

Атап айтқанда, Абай ауданы 5 секторға, Әл-Фараби ауданы 7 секторға, Еңбекші ауданы 9 секторға, Қаратау ауданы 6 секторға, Тұран ауданы 9 секторға бөлінген.

Қажеттілік туындаған жағдайда, халықты эвакуациялау үшін Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты 123 мектеп эвакуациялық жинақтау пункті болып бекітілген. Халыққа түсінікті болуы үшін және жақын жерде орналасқан ЭЖП-нен басқада түрлі көмек алу үшін мекенжайлары 2ГИС қалалық ақпараттық жүйелерге орналастырылуда. Халықты ЭЖП-нен қауіпсіз аймаққа тасымалдау үшін Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен автокөліктер жұмылдырылады.

Азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесіп қала сыртында халықты орналастыру үшін шатырлы қалашық құрылады. Аудан әкімдерімен бірлесіп Шымкент қаласында төтенше жағдай орын алған кезінде басқа өңірлерден тартылған күш-құралдарын орналастыратын жерлер нақтыланып, дайындыққа келтірілген.