Шымкентте балабақша меңгерушісі 3 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген

0
673

Ол мемлекетке 19,3 млн теңге залал келтірген.


Шымкентте балабақша меңгерушісі 3 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттегі балабақша меңгерушісі балалардың сабаққа қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізген, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Заңсыз әрекет 2019 жылдан 2021 жылға дейін 3 жыл бойы жүргізілген.

"Ол «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген 19,3 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған. ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті үш балабақша меңгерушісі болып қызмет еткен азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады", - делінген жазбада.

Ол кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, мемлекетке келтірілген 19,3 млн теңге залал толығымен өтелді.