Шымкентте барлық блок-бекеттер алынды

0
1 072


Шымкентте барлық блок-бекеттер алынды

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес 1-ші маусымнан бастап Шымкент қаласындағы бұғаттау-бекеттері алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.Тулебаевтың 30 мамырдағы № 19 Қаулысына сәйкес аудан, облысаралық жолаушылар қатынасына жол ашылды. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 31 мамыр күні сағат 00:00-де Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов «Бадам» бұғаттау бекетіне арнайы барды. Онда шаһар басшысы қаладағы 18 бұғаттау бекетінде 78 күн бұғаттау бекеттерінде тәулік бойы жұмыс жасаған Полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал майоры Ералы Жумаханбетов басқаратын жеке құрамның еліміздегі коронавирус инцекциясымен күресуде қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Айта кету керек, Шымкент қаласындағы 18 бұғаттау бекеттері 200 арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етілген болатын. 78 күнде Полиция департаментінің 1000 қызметкері, уақытпен санаспай тәулік бойы өз міндеттерін атқарған. Маңызды объектілерді, медициналық мекемелер мен карантиндік аймақтарды күзетті.

Қазіргі таңда, коронавирус инфекциясын алдын-алу және таралуын болдырмау мақсатында жалпы 158 арнайы автокөліктермен жабдықталып, 1912 қызметкерлер мен сарбаздар жұмыс жасауда. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция мен Ұлттық ұлан жасақтары көшелер, саябақтар мен аулаларды, сауда нысандарына да бақылау жасады. Өзін-өзі оқшаулау және шектеу тәртібі полиция қызметкерлерінің жұмыс режимін күшейтті.