Анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемеге оларды жою және барлық жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтау жөнінде нақты міндеттер жүктелді. Қаланың әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуы алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.
Шымкент қаласының әкімі білім беру мекемелеріндегі және қала аумағындағы бірқатар инфрақұрылым нысандарында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Атап айтқанда, қала басшысы Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектеп (594 орын) пен №99 мектеп-гимназиясында (600 орын) жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын бақылады. Қазіргі таңда №10 мектептегі жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал №99 мектеп-гимназиясында соңғы әрлеу және монтаждау кезеңі жүргізілуде.
Әкім екі білім мекемесінің де жаңа оқу жылына дейін оқушыларды жаңартылған, заманауи және жайлы ортада қабылдауы тиіс екенін атап өтті. Жауапты мердігер ұйымдарға жөндеу сапасын қатаң бақылауға алу, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау және көгалдандыру аумағына автоматты суару жүйесін орнату жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, Әл-Фараби және Тұран аудандарындағы бірқатар заңсыз құрылыс нысандарын сүру барысы тексерілді. Асқаров көшесі мен Абай атындағы саябақ маңында орналасқан нысандардың заң талаптарына сәйкес бұзылып жатқанына көз жеткізілді.
Аралау барысында әкім Жандосов көшесін Шаймерденов көшесінен Қонаев даңғылына дейінгі аралықта жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарымен де танысты. Анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемеге оларды жою және барлық жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтау жөнінде нақты міндеттер жүктелді. Қаланың әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуы алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.