«Бозарық» қосалқы станциясы құрылысының жұмыс қарқынын күшейту мен жеделдету мақсатында арнайы жоспар пысықталды.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов «Бозарық» қосалқы станциясын іске қосу шараларын пысықтап, бұл мақсатта шұғыл жұмыс тобын құрды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жиында «Бозарық» қосалқы станциясы құрылысының жұмыс қарқынын күшейту мен жеделдету мақсатында арнайы жоспар пысықталды. Техникалық қадағалаушы мекеме өз тарапынан ескертпелерін жеткізіп, егжей-тегжейлі нақты жоспар жасалды.
Ауқымды жобаға жұмылдырылған мамандар ортақ мақсатқа жетуде өз тәжірибелерімен бөлісті. Мәулен Зарлықұлы жұмыс тобының ортақ іс-қимыл жоспарын тыңдап, жобаның авторлық және техникалық қадағалаушыларына бірқатар міндеттер жүктеді. Жоба құрылысына, нысанның әрбір бөлігіне жауапты мекемелердің жұмыстың үш кезеңінде атқарылар іс-шаралары нақтыланды. Арнайы жұмыс тобы аптасына екі рет бас қосып және нысан аумағында атқарылған жұмыстарды тұрақты баяндайтын болады.