Шымкентте дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау тақырыбында баспасөз конференциясы өтті

0
947


Шымкентте дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау  тақырыбында баспасөз конференциясы өтті

Шымкентте Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Шымкент қаласында 66 медициналық ұйым дәрілік заттарды таңбалау бойынша 2D сканер және деректерді жинау терминалымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Сәуле Сансызбайқызының айтуынша, 26 мемлекеттік және 40 жекеменшік медициналық ұйымдарда толық интеграция жүргізілген. Таңбалаудың маңыздылығы-дәрілік заттардың айналымын ашық етеді және тұтынушыға босатылған дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігі бойынша ақпаратқа қолжетімділік беріп, меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдарда өндірушіден пациентке дейінгі әр қаптаманың жеке есебін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ контрафактілік және жалған өнім айналымынан қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.
Айта кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттарды көтерме саудадағы субъектілер таңбалау мен қадағалау процесін еңгізбеген медициналық ұйымдарға, дәріханаларға дәрілік заттарды босату тоқтатылады, осыған байланысты дәріханалар дәрілік заттарды сатып алу және халыққа өткізу мүмкіндігінен айырылады.
Міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу дәрілік заттардың айналымын ашық етеді және тұтынушыға сатып алынған дәрілік заттарлың шынайылығы бойынша ақпаратқа қолжетімділік беруді, сондай-ақ өндірушіден пациентке дейінгі әр қаптаманың жеке есебін қамтамасыз етуді, контрафактілік және жалған өнім айналымынан қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.
Айта кетейік, қалада бүгінгі таңға 585 дәріхана жұмыс жасайды, оның ішінде 585 дәріхана, яғни (100%) 680 дана 2D сканермен жабдықталған.
Қалада 53 дәрілік қойма бар, бүгінгі таңға 38 дәрілік қойма жұмыс атқарады, 15-і фармацевтикалық қызметін тоқтатқан.
38 дәрілік қойма (100%) 141 дана 2D сканермен және 189 дана деректерді жинау терминалымен жабдықталған.

Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау еңгізу үшін Шымкент қаласының әкімінің орынбасары төрағалығымен Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті, Атамекен кәсіпкерлік палатасы және кірістер департаментімен бірлесіп медициналық ұйымдар мен фармацевтикалық қызметті атқаратын субъектілерге түсүндірме жұмыстары өткізіліп жүр.

Бөлісу