Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға азық-түлік берілетін сертификаттар табысталды.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында Жұмыспен қамту басқармасы және «MEYIRIM.KZ» қайырымдылық қоры әлеуметтігі аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған акция барысында 25 әлеуметтік жағынан аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қажетті азық-түлік сатып алуға арналған әлеуметтік көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Мәдәліұлы сөз сөйлеп, мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл бөліп, қайырымдылық акцияны ұйымдастырудың маңызы зор екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, акцияның игілігін көрге азаматтар да қайырымдылық көрсетіп, қол ұшын созған «Nur Otan» партиясы мен «MEYIRIM.KZ» қайырымдылық қоры мүшелеріне алғысын айтты.
Ал, шара соңында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға азық-түлік берілетін сертификаттар табысталды.