Шымкентте дзюдодан республикалық турнир басталды

0
94


Шымкентте дзюдодан республикалық турнир басталды

Бүгін Шымкент қаласында Кеңес одағының батыры Ережепбай Молдабаевты еске алуға арналған кіші жасөспірімдер арасындағы «Мини татами» атты дзюдодан ашық республикалық турнир өз жұмысын бастады.

Спорттық шараға еліміздің түрлі өңірлерінен – Жамбыл, Атырау, Жетісу, Ұлытау және Түркістан облыстарынан келген 350-ге жуық спортшы қатысуда. Турнир 2011–2012 жылы туған жас спортшылар арасында өтуде.

Аталған турнирдің басты мақсаты – жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулу, патриоттық рух пен тәртіпті қалыптастыру, сондай-ақ батыр бабамыздың ерлігін жастар арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Айта кету керек, бұл турнир Шымкент қаласында қатарынан төртінші рет ұйымдастырылып отыр және оған қатысушылар саны жыл сайын артып келеді.
Соңғы жылдары дзюдо спорты елімізде қарқынды дамып келеді. Өткен жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында Елдос Сметов алтын, ал Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге ие болып, Қазақстан дзюдо мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бөлісу