Шымкентте газ қауіпсіздігін күшейту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде

0
66

Табиғи газды пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тұрғындармен үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.


Шымкентте газ қауіпсіздігін күшейту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде

көрнекілік сурет: .pinterest.com

Шымкентте газдан улану фактілерінің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына қарасты «Шымкент қалалық газ техникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірқатар жүйелі жұмыстар атқаруда.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары – Абдинұров Мәлік Құттымбетұлы мәлімдеді.

Қауіп деңгейіне қарай қала аумағында «қызыл аймақ» және «тәуекел аймақтар» айқындалған. Қызыл аймаққа «Самал-3», «Ақжайық», «Нұрсәт», «Күншығыс», «Қайтпас», «8 шағын аудан» енсе, тәуекел аймақтар қатарында «Самал-1, 2», «11 шағын аудан», «Сайрам», «17 шағын аудан», «Көксай», «Қызылжар», «112 орам», «5 шағын аудан», «Қарасу» шағын аудандары бар. Аталған аумақтарда газ қауіпсіздігі талаптарының сақталуына ерекше бақылау қойылған.
Табиғи газды пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тұрғындармен үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. 2025 жылы 231 мыңнан астам тұрғын үйде, сондай-ақ 3 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанда профилактикалық іс-шаралар өткізілген.
2026 жылы 40 мыңға жуық үйде (33 760 көп қабатты, 5 612 жеке сектор), 159 кәсіпкерлік нысандарында іс - шаралар жүргізілді. Сонымен қатар, газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігі талаптарын бұзған азаматтарға қатысты әкімшілік шаралар қабылдануда. 2025 жылы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 306-бабының бірінші бөлігі бойынша 117 тұлға, ал 305-бабы бойынша 19 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы айыппұл сомасы 2 миллион теңгеден асты.
Ал 2026 жылы осы баптар бойынша 36 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тиісті айыппұлдар салынған.


Бөлісу