Шымкентте газ құбырының құрылысы қарқынды жүруде

0
913

Мегаполистің 92,1 пайызы табиғи газбен қамтылған.


Шымкентте газ құбырының құрылысы қарқынды жүруде

Шымкентте магистралды газ құбырының құрылысы қарқынды жүруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы 92,1% табиғи газбен қамтылған. Қазір газ көздері АГРС 1 және АГРС 4. Қаланың қолданыстағы газ жүйесінің қысымын көтеру үшін жоғары қысымды магистралды газ құбырын және №3 АГРС-тың құрылысы басталады.
Қазір АГРС 3 жобасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
АГРС 3 – сағатына 250 мың куб газ өткізеді. Қаланың барлық шалғай аудандарын қамтиды. Жоба толығымен 2020 жылдың қазан айында аяқталу жоспарланған.