Шымкентте газдан уланған төрт адамның біреуі қайтыс болды

0
1 048

Үшеуі жансақтау бөлімінде ем өабылдап жатыр.


Шымкентте газдан уланған төрт адамның біреуі қайтыс болды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы оксигенация орталығының жансақтау бөліміне газдан уланған шетелдіктер жатқызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ astana.tv каналына сілтеме жасап.

Шымкентте улы газдан уланған бір адам көз жұмды және тағы үш азамат оксигенация орталығының жансақтау бөліміне жатқызылды. Газға жауаптылар қайғылы жағдай Өзбекстан азаматтарының газ құрылғыларын дұрыс қонданбауынан болуы мүмкін деп болжайды. Өйткені шағын үйдің 12 шаршы метрлік ас бөлмесін төрт азамат жалдап келген, бірақ онда жылыту құралы жоқ екен. Тек су жылытқыш пен тамақ істеуге арналған қос камфорлы плита болған. Пәтер жалдағандар бөлмені сол плитамен жылытуы ықтимал. Газ саласының мамандары мән-жай анықталғанша бұл үйге көгілдір отын беруді уақытша тоқтатып кетті.

«Қайғылы жағдай табиғи газды тұрмыста дұрыс қолданбаудан болып отыр. Үй қожайынының айтуынша, зардап шеккендердің бәрі пәтерді жалдап тұрған. Ол болған жағдайды таңертегісін ұйқыдан тұрғанда көріп, жедел жәрдем шақырғанын айтты», - дейді «Қазтрансгаз аймақ» АҚ Шымкент филиалының өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы Бауыржан Байтөреев.

Дәрігерлер ауруханадағы үш өзбекстандықтың халі ауыр болғандықтан, әлі де жансақтау бөлімінде қалатынын хабарлады.