Шымкентте газға уланған 17 жасар қыз қайтыс болды

0
1 342

Мұржаны қабырға арқылы далаға шығарып, ауа өткізгішті қалпақпен жауып қойған.


Шымкентте газға уланған 17 жасар қыз қайтыс болды

Шымкент қаласында камин пешінен шыққан газға уланған жас қыз қаза болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz порталына сілтеме жасап.


Бұл қайғылы оқиға 19 желтоқсанда болған. Оқиға орнына дер кезінде жеткен төтенше жағдай қызметкерлері зерттеу барысында негізгі үйге екі қабатты қосымша тұрғын жай салынғанын анықтаған. Бірінші қабат ас үй ретінде қолданылған, ал екінші қабат – тұрғын жай болған. Дәл сол жерде ирандық газ камині орнатылған.

Сондай-ақ, мұржаны қабырға арқылы далаға шығарып, ауа өткізгішті қалпақпен жауып қойған және каминде сыртқа шығаратын жүйе болмаған. Нәтижесінде, бөлмеде иісті газ біртіндеп жиналып, көмірқышқыл газымен уланған 17 жастағы қыз қайтыс болды.