Шымкентте қаңғыбас иттерді аулауға 92 млн теңге бөлінген

0
3 376

Тағы бір айта кетерлік жайт, мекеменің жеке ғимараты жоқ.


Шымкентте қаңғыбас иттерді аулауға 92 млн теңге бөлінген

фото: sn.kz

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы қаңғыбас иттерді аулауға бөлінген қаржы белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ tvk-uko.kz арнасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласындағы қаңғыбас иттерді аулауға биыл 92 млн теңге бөлінген. Жауапты мамандар жоспарға сай бір жылда 30 мың итті құрықтауы тиіс. Бөлінген қаражаттың басым көпшілігі осы мақсатта жұмсалса, қалғаны арнайы ғимаратты жалдауға кетеді екен.

Атап айтсақ, қаладағы қаңғыбас ит – мысықтарды аулаумен «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны айналысады. Аталған мекемеге жыл сайын қазынадан қаржы бөлінеді. Мұндағы мамандар сол ақшаға кезбе жануарларды құрықтайды. Ұсталған ит -мысықтар арнайы ғимаратта үш күн тұрақтайды. Осы уақыт аралығында иесі табылмаса, көзі жойылады.

«30 мың ит аулауымыз керек. Бір итке шамамен 3 мың 80 теңге кетеді. Атап айтар болсам, 1700 теңге ұстауға жұмсалса, 1380 теңге арендаға алынған питомниктің шығынына жұмсалады», - дейді «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшысы Сырым Әбдіхалықов.

Сондай-ақ, мамандар: «Ауланған иттер арасында белгісі бар немесе асыл тұқымдылары кездеседі. Ғимаратта ұзақ тұрақтайтындар сол санатқа жататындар. Олардың суреттері сайтқа салынып, иелері шамамен екі айға жуық іздестіріледі», - дейді.

Тағы бір айта кетерлік жайт, мекеменің жеке ғимараты жоқ. Осының салдарынан телефон нөмірлері жиі ауысады екен. Егер сізге жауапты мамандардың көмегі қажет болса мына нөмірге хабарласуыңызға болады: 45-05-22 , 8707-231-14-95