ШЫМКЕНТТЕ ​КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

0
92

Мегаполис басшысы тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, үймен қамту саласындағы жүйелі жұмыс қала тұрғындарының өмір сапасын кезең-кезеңімен жақсартуға мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.


ШЫМКЕНТТЕ ​КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Шымкент қаласында кезекте тұрған азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгін жаңа пәтерлердің кілттері баспаналы болу мүмкіндігін ұзақ уақыт күткен отыз отбасыға табысталды.

Салтанатты іс-шара «Көрме» орталығында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өтті. Мегаполис басшысы тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, үймен қамту саласындағы жүйелі жұмыс қала тұрғындарының өмір сапасын кезең-кезеңімен жақсартуға мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.
Айта кетейік, пәтерлер ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға, ерекше балалары бар отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға, толық емес отбасыларға, сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарға берілді.
Асар-2 және Тұран шағынаудандарында орналасқан көп қабатты үйлер қажет инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген және қоныстануға толық дайын.
Бөлісу