​Шымкентте кітап ұрлаған әйел ұсталды

0
98

Сонымен қатар пәтердегі ақша және алтын, косметиканы да ұрлап кеткен


​Шымкентте кітап ұрлаған әйел ұсталды

фото: Шымкент қаласы ПД жариялаған видеодан скриншот

Шымкент қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері пәтер ұрлықтарының сериясына қатысы бар күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің пәтер иелері үйде болмаған сәтті пайдаланып, заңсыз түрде тұрғын үйлерге кіріп, мүліктерді ұрлағаны анықталды. Ұрланған заттардың қатарында ақшалай қаражат, алтын бұйымдар, жеке заттар және өзге де бағалы заттар болған. Эпизодтардың бірінде күдікті пәтерден косметика, бижутерия, киім-кешек пен кітаптарды алып кеткен.

Қазіргі таңда оның төрт пәтер ұрлығына қатысы бары белгілі болды. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 1,2 миллион теңгеден асады.

Аталған жайт бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар күдіктінің қала аумағында жасалған өзге де осыған ұқсас жайттарға қатысы болуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды.

Полиция азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады: сенімді құлыптар орнату, мүмкіндігінше бейнебақылау жүйесін қолдану, бөгде адамдарға өздерінің үйде болмайтындығы жөнінде хабарламау, сондай-ақ күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда дереу полицияға хабарлау қажет.


Бөлісу