Шымкентте коммуналды тариф бағасы өзгермейді

0
2 131

Тұрғындардың өтінімдері бойынша 1, 745 млрд теңге қаржы үнемделсе, негізсіз төленген 320,6 млн теңге тұтынушыларға кері қайтарылған.


Шымкентте коммуналды тариф бағасы өзгермейді

Шымкентте коммуналды тариф бағасы өзгермейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы Д.Қайыңбердиев мәлімдеді.
– Департаменттің тарифтерді реттеу бойынша жүргізген жұмысының нәтижесінде өткен жылы 4 млрд теңге үнемделсе, биыл қысқарған қаржы 2,76 млрд теңгені құрады. Уақытша өтемдік тариф үшін 1 млрд теңге қаралса, төтенше жағдай кезінде 40 млн теңге, жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеуде 65,8 млн теңге кері қайтарылды, - деді Д. Қайыңбердиев.
Тұрғындардың өтінімдері бойынша 1, 745 млрд теңге қаржы үнемделсе, негізсіз төленген 320,6 млн теңге тұтынушыларға кері қайтарылған. Ал 2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап 3 млрд теңгені үнемдеу жоспарланып отыр.