Оқиға 2018 жылдың 17 қазанында тапа-тал түсте қала орталығындағы автотұрақта болған.
Шымкент қаласында бірнеше жерінен пышақтап тастаса да қылмыскерді қолынан шығармай құрықтаған тәртіп сақшысы мемлекеттік марапатқа ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Нұржан Омаровқа ІІ-дәрежелі мемлекеттік наградасы «Айбын» ордені берілді. Бұл марапатты мерекеге орай Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жумаханбетов табыстады.